Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бүкіл халық болып, өз дінімізді, ділімізді, тілімізді дамытуға бет бұра бастадық. Осындай жауапты кезеңде сөз қолданыстарына, терминжасам мен аудармаға мұқият көңіл бөлу қажеттілігі туындады. Әлем дүрлігіп жатқан соңғы жылдары ислам дініне күйе жағу, сол дін өкілдеріне күмәнмен қарау етек ала бастады. Дәстүрлі исламға лаңкестік, экстремизм ұғымдары - тіптен жат нәрсе. Осы орайда, халықты ислам тарихы, оның бағыттары, оған қатысты қолданылатын терминдер мен атауларды түсіндіру жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізген абзал.