Құран Кәрім казакша аудармасы
Install Now
Құран Кәрім казакша аудармасы
Құран Кәрім казакша аудармасы

Құран Кәрім казакша аудармасы

The Qur39an or the Qur39an is the main holy book in Islam.

Developer: kzIslam
App Size: 4.8M
Release Date: Mar 19, 2020
Price: Free
4.8
140 Ratings
Size
4.8M

Screenshots for App

Mobile
Құран немесе Құран Кәрім — Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ﷺ ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп[1], иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.

Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.

Құран «сүре» деп аталатын ұзындығы әртүрлі 114 бөліктен тұрады. Олардың орналасқан ретінің түсу тарихына қатысы жоқ — ертерек түскен сүрелер Құранның аяқ жағында да келуі мүмкін. Өз кезегінде бұл сүрелер түсу мерзіміне байланысты меккелік сүре және мединелік сүре деп екіге бөлінеді. Меккелік сүре дегеніміз Мұхаммед пайғамбардың ﷺ һижрасына дейін аян етілген сүрелер, ал мединелік дегеніміз оның Медине қаласына қоныс аударуынан кейін түскен сүрелер.

Ұзындығы жағынан ғалымдар сүрелерді бірнеше түрге бөледі. Олар:

Жеті ұзын сүре. Бұған әл-Бақара сүресі, Әли Имран сүресі, ән-Ниса сүресі, әл-Мәида сүресі, әл-Анғам сүресі, әл-Ағраф сүресі және Тәубә сүресі жатады.
Екі жүз аяттық сүрелер. Аят саны екі жүзден асатын сүрелер.
Мәсәни. Екі жүз аятқа жетпеген басқа сүрелер.
Тәубә сүресінен басқа Құранның барлық сүре «басмаламен», яғни «бисми-Лләһ әр-Рахман әр-Рахим» деген сөзбен басталады. Тәубә сүресінің басмаламен басталмау себебін ғалымдар әртүрлі түсіндіреді. Біреулердің пайымдауынша бұл сүреде екіжүзділерге қарсы айтылған ескерту болғасын басмаласыз басталған, себебі араб халқында тайпалар арасындағы келісімді бұзу үшін хат жібергенде оған басмала жазбайтын болған. Басқалардың айтуынша Құранда басмала сөзері 114 рет келген (ән-Нәмл сүресінде екі басмала бар: басында және ортасында Сүлеймен пайғамбардың сөзі ретінде), сондықтан олардың саны сүре санына сай келу үшін Тәубә сүресінде басмала айтылмаған.
Show More
Show Less
More Information about: Құран Кәрім казакша аудармасы
Price: Free
Version: 1.0
Downloads: 10000
Compatibility: Android 4.1 and up
Bundle Id: com.kuran_kerim_kazaksha
Size: 4.8M
Last Update: Mar 19, 2020
Content Rating: Everyone
Release Date: Mar 19, 2020
Content Rating: Everyone
Developer: kzIslam


Whatsapp
Vkontakte
Telegram
Reddit
Pinterest
Linkedin
Hide