Қазіргі қоғамымызда әрбір адамзатқа әдептілік қағидаларын үйрену аса маңызды.
Әсіресе Ислам дінінің әкелген әдептілік нормалары қоғам ішіндегі барша адам баласы үшін өте қажет.
Өйткені ислами мінез - құлық адам баласының өмір сүруіне, әлеуметтік жағдайына, отбасы құруына, отанды қорғауға және ең бастысы жақсы қасиеттерді қалыптастыруды үйретеді.
Бұл қолыңыздағы оқулық туркиялық дінтанушы Языжы Сейфеддин мырзаның ахлақ негізінде жазылған кітабынан тәржімаланып, толықтырылды.
Мұнда күнделікті өмірімізге қажетті адамгершілік міндеттеріміз кеңінен сөз болды. Қамтылған әдептілік қағидалар Құран және хадис аясында келтіріледі.