Намаз оқып үйренейік
Install Now
Намаз оқып үйренейік
Намаз оқып үйренейік

Намаз оқып үйренейік

This program focuses on the practicalities of learning how to pray

Developer: kzIslam
App Size: 14M
Release Date: Mar 10, 2020
Price: Free
4.8
776 Ratings
Size
14M

Screenshots for App

Mobile
Намаз (араб.: صلاة‎; салә, көпше түрі صلوات салауат, парсыша: نماز‎ намаз) - сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген мағынаны білдіреді. Аллаһ Тағала Құранда: «Оларға дұға ет. Сенің дұғаң оларға рақымшылдық», - дейді (Тәубе,9/103). Шариғатта Намаз - тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше әрекеттер мен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат. Намаз Исламнан бұрынғы илаһи (Құдайлық) діндерде де парыз болған. Хазіреті Мұхаммедке бес уақыт намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін Миғраж түнінде бес уақыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер,» - деп, намаздың өте маңызды парыз екендігін білдірген. Олардың кейбірі мыналар: «Барлық намаздарды және орта намазды сақтаңдар» («Бақара», 238-аят). «Расында намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді» («Ниса», 103-аят). «Алайда олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ ұстап, шынайы түрде Аллаһқа құлшылық етуден, намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге нәрсеге әмір етілмеген болатын» («Бәййәна», 5-аят). «Намазды толық оқыңдар...» («Хаж», 78-аят).

Намаздың бес уақыт болуында терең хикметтер бар. Мысалы, бамдат намазы адамның өмірге жаңа туған сәби кезін еске түсіреді. Рауандап атқан таң сәбидің пәктігіне, жаңа оянып сайраған құстар сәбидің тәттілігіне, әсем тыныштық бейбіт өмірге ишарат етеді. Сондай-ақ, бесін намазы адамның қырықтан асып, қынабынан шыққан қылыштай қылшылдап тұрған шағына ұқсайды. Намаздыгер уақытында күннің батысқа бет алуы адам ғұмырының сексенге келіп, селкілдеп таяқ ұстап, қабір атты төртінші әлемге бет алып, өмір кітабының ақырғы тарауын тауысуға айналып бара жатқан кезеңін еске түсіріп, адам баласын ойлылыққа шақырады. Ақшам намазы болса, адам баласының бұл ғұмырдан өтіп, бейне бір өз қабірінің басында тұрып, «Аллаһ үшін не істедің, артыңда қандай өлмейтұғын із қалдырдың?» деп өз-өзін сұраққа тартып жатқандай халді елестетеді. Ал құптан намазының қараңғылық қоюланып, тыныштыққа оранған мезгілі - беймәлім қабір әлемін еске түсіреді. Міне, осылай ойлаған әрбір мұсылман әрқашан Жаратушы Жаппар Иеге іштей терең тағзым етіп, ақыретке қарай қадам басады.
Show More
Show Less
More Information about: Намаз оқып үйренейік
Price: Free
Version: 1.1
Downloads: 50000
Compatibility: Android 4.2 and up
Bundle Id: com.namaz.uyreneyik
Size: 14M
Last Update: Mar 10, 2020
Content Rating: Everyone
Release Date: Mar 10, 2020
Content Rating: Everyone
Developer: kzIslam


Whatsapp
Vkontakte
Telegram
Reddit
Pinterest
Linkedin
Hide