Сүннет (арабша суннат) - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі, әрекеті және тақриры (шешімі) деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер.
Сүннет үшке бөлінеді:
I. Мүәккәд Сүннет (бекітілген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) үнемі орындап, кейде орындамаған Сүннеттері. Мысалы, таң, бесін, ақшам намаздарының Сүннеттері. Осы Сүннеттерді орындаған сауапқа кенеледі. Орындамаған адам жаза берілмесе де, айыпталады.
2. Ғайри мүәккәд Сүннет (бекітілмеген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған Сүннеттері. Намаздыгер мен
құптан намазының алғашқы Сүннеттері осыған жатады. Осы Сүннеттерді орындау сауапты, ал орындалмаса, күнә жоқ.
3. Зәуәид Сүннет (артық сүннет). Осы Сүннеттер Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік үшін орындалса, сауабы көп, орындалмаса
күнәсі жоқ. Факихтер осы негіздегі бұйрықтардан Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) Сүннеттеріне бойұсынудың қажет екендігін түсіндірген, осылайша Сүннет Кұраннан кейінгі екінші түпдеректі қалыптастырған.